Отырыс 16 сәуір

2026 жылғы 16 сәуірде аудандық әкімдіктің үлкен залында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қоғамдық кеңесі мүшелерінің қатысуымен отырыс өтті.

Отырыста Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы КММ «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК директоры Жазитов Камидолла Зейнуллинович ветеринариялық станцияның атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Баяндама барысында ветеринариялық станция көрсететін мемлекеттік қызметтер, атап айтқанда:

«Ветеринариялық анықтама беру»;

«Ветеринариялық паспорт беру»;

«Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)»

мәселелері қарастырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлық сұрақтарына толық жауап берілді.

20.04.2026
Қаралым саны: 17