МАҢЫЗДЫ: Ауыл шаруашылығы жануарларының сібір жарасының алдын алу

Құрметті Ғабит Мүсірепов атындағы аудан тұрғындары!
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК сібір жарасы (күйдіргі) — жануарлар мен адамдарға ортақ аса қауіпті жұқпалы ауру екенін ескертеді. Ауру өте жылдам өршіп, малдың өліміне әкеп соқтырады. Қоздырғыштың (Bacillus anthracis) басты қауіптілігі — оның топырақта ондаған жылдар бойы сақталатын төзімді споралар түзу қабілетінде.
Ветеринариялық қызмет пен мал иелерінің басты міндеті — инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу.
Негізгі алдын алу шаралары
Жоспарлы вакцинация
Барлық ауруға бейім мал басы (ірі қара, ұсақ мал, жылқы, шошқа) жыл сайын міндетті түрде вакцинациялануы тиіс.
Төлдер ветеринариялық ережелерге сәйкес белгіленген жасқа жеткенде егіледі.
Иммунитет вакцинациядан кейін 10–14 күнде қалыптасып, 1 жылға дейін сақталады.
Ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау
Карантинге орналастыру: Жаңадан әкелінген барлық жануарлар клиникалық тексеруден өту және егу мәртебесін тексеру үшін 30 күндік карантинге орналастырылады.
Есепке алу және тасымалдау: Малды кез келген орын ауыстыру, әкелу және шығару тек ветеринариялық ілеспе құжаттар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Жайылымды бақылау: Малды мал қорымдарының аумағында, жабдықталмаған жайылымдарда және топырақ шайылуы мүмкін орындарда бағуға тыйым салынады.
Ауруға күдік туындаған кездегі әрекеттер
Мал кенеттен өліп калса или ауру белгілері (дене температурасының күрт көтерілуі, ісінулер) байқалғанда:
ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ: Өлген малдың өлексесін союға және ашуға! Оттегінің түсуі төзімді споралардың түзілуіне және қоршаған ортаны ластауға ықпал етеді.
Оқшаулау: Ауырған жануарды дереу оқшаулаңыз.
Хабарлау: Жергілікті ветеринариялық пунктке или «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК мамандарына шұғыл хабарлаңыз.
Құрметті мал иелері! Ветеринариялық ережелерді сақтау және уақтылы вакцинациялау — шаруашылығыңыздың қауіпсіздігі мен барлық аудан тұрғындарының денсаулығының кепілі.
 
31.07.2026
Қаралым саны: 3