Құрметті Ғабит Мүсірепов ат.ауданының тұрғындары!
Темір жол желісінің бойында мал жаюға қатаң тыйым салынады!
Бұл – адамдардың өмірі мен пойыз қозғалысының қауіпсіздігі үшін қабылданған талап.
Жануарлардың темір жол үстіне немесе жол маңына шығуы:
• пойыздардың төтенше тежеуіне,
• апатты жағдайлардың туындауына,
• малдың қаза табуына және материалдық шығындарға әкелуі мүмкін.
Сондықтан барлық мал иелері өз жануарларын қауіпсіз қорада немесе қоршалған ауласында ұстауы тиіс.
Ережені бұзу заңмен жауапкершілікке әкелетінін ескертеміз.
Темір жолдағы қауіпсіздік – баршамыздың ортақ міндетіміз!

03.12.2025
Қаралым саны: 91
Қаралым саны: 91