Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ветеринариялық станциясы ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларына қарсы күзгі жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуді бастағанын хабарлайды.
Іс-шаралар барысында:
- жануарлардан бруцеллез ауруын анықтау үшін қан алу;
- ірі қара малға туберкулиндеу жүргізу;
- ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру;
- жануарларды аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіледі.
Аудан тұрғындарынан өзара түсіністік танытып, ветеринариялық іс-шараларды жүргізу кезінде жануарларды дайындап, ветеринария мамандарына қажетті көмек көрсетулерін сұраймыз.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес, жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төл, оларды сою және өткізу туралы ауылдық округтердің ветеринария мамандарына уақтылы хабарлауларыңызды сұраймыз.
Мал амандығы – ел амандығы!

13.08.2026
Қаралым саны: 14
Қаралым саны: 14