Құрметті Ғабит Мүсірепов атындағы аудан тұрғындары!

Сіздердің назарларыңызға  «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК-нің ветеринариялық мамандары тарапынан ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының алдын алу және таралуына жол бермеу мақсатында жоспарлы көктемгі ветеринариялық-алдын алу іс-шараларының бастағанын хабарлаймыз.

Аталған ветеринариялық іс-шаралар тегін негізде жүргізіледі және аллергиялық зерттеу (туберкулезге), қан алу, вакцинациялау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын қамтиды.

Ветеринариялық-алдын алу шараларын уақтылы және толық көлемде жүргізу ауданның эпизоотиялық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жануарлардан алынатын өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға тікелей әсер етеді.

Осыған байланысты, көрсетілген іс-шараларды өткізу кезінде ветеринариялық мамандарға түсіністік танытып, қажетті көмек көрсетулеріңізді сұраймыз. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес, өзіңізге тиесілі жануарлар мен құстардың бар екендігі, оларды сатып алу, өткізу, орын ауыстыру және есептен шығару туралы мәліметтерді тиісті ауылдық округтің ветеринариялық фельдшерлеріне уақтылы хабарлауыңызды сұраймыз.

Ломоносов а/о

«Береке-Агро» ЖШС

 

10.02.2026
Қаралым саны: 9