2026 жылғы 23 қазанда Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараға Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ветеринария қызметінің өкілдері белсене қатысты. Ауданның фермер қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жергілікті өндірістің балғын, сапалы әрі экологиялық таза өнімдерінің кең түрін ұсынды.
Жәрмеңке жергілікті өндірушілердің өнімдерін жылжыту, тәжірибе алмасу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстарды нығайту үшін тамаша алаңға айналды. Мұндай іс-шаралар өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал етеді және тұрғындарды қолжетімді бағамен сапалы өнімдер сатып алу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
30.10.2026
Қаралым саны: 9
Қаралым саны: 9