Түсіндіру жұмыстары

«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мамандары ауыл тұрғындары арасында мемлекеттік көрсетілетін ветеринариялық қызметтер бойынша тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Атап айтқанда, «Ветеринариялық паспорт беру», «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтерін көрсетуге қойылатын негізгі талаптармен халықты таныстыру мақсатында ақпараттық брошюралар таратылып, сондай-ақ (WhatsApp) мессенджері арқылы жолданады.

Сонымен қатар, ҚР 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-II «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес, «Жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының алдын алу жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың міндеттері» және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабына («Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу») сәйкес жауапкершілік жөнінде халыққа ақпараттық жадынамалар ұсынылады.

 

03.12.2025
Қаралым саны: 77