Г.Мүсірепов атындағы ауданның ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары тарапынан халық арасында ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер бойынша тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар аясында мамандар азаматтарды келесі мемлекеттік қызмет түрлері бойынша ақпараттандыруда:
- «Ветеринариялық паспорт беру»;
- «Ветеринариялық анықтама беру»;
- «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)».
Азаматтардың түсінуін жеңілдету және ақпаратты кеңінен тарату мақсатында жоғарыда көрсетілген қызмет түрлеріне қойылатын негізгі талаптар, өтініш беру тәртібі туралы мәліметтер жазылған ақпараттық брошюралар мен жадынамалар таратылуда.Сонымен қатар, жануарлар ауруларының, оның ішінде адам мен жануарларға ортақ аурулардың алдын алу бойынша жеке және заңды тұлғалардың міндеттері туралы ақпаратты қамтитын 2002 жылғы 10 шілдедегі №339-II «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 25-бабы негізінде дайындалған жадынама таратылуда.
Сондай-ақ, *Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабына* сәйкес ветеринария саласындағы заңнаманы бұзу жауапкершілігі туралы халыққа түсініктемелер беріледі.
Аталған түсіндіру шаралары халықтың ветеринариялық сауаттылығын арттыруға, жануарларды күтіп-ұстауға жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ аурулардың алдын алуға және ветеринариялық нормаларды сақтауға ықпал етеді.

Қаралым саны: 83