Жұмыс кеңесі

Ветеринариялық дәрігерлер мен фельдшерлерге Zoom конференциясы арқылы онлайн форматта жалпы оқыту (всеобуч) өткізілді:

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіру:

  • «Ветеринариялық анықтама беру»;
  • «Ветеринариялық паспорт беру»;
  • «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)».

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жіберілетін типтік қателерге талдау жасау.

Қатысушылардың сұрақтарына жауап беру

Кеңес қорытындысы бойынша келесі тапсырмалар берілді:

Ветеринариялық пункттердің ветеринариялық дәрігерлері мен фельдшерлеріне:

  1. Мемлекеттік қызметтерді белгіленген талаптарға сәйкес уақтылы және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету.
  2. Кеңес барысында анықталған және түсіндірілген бұзушылықтарды назарға алып, оларды жою және алдағы уақытта болдырмау шараларын қабылдау.
  3. Құжаттарды дұрыс толтыруға және мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерінің сақталуына бақылауды қамтамасыз ету.
26.03.2026
Қаралым саны: 14