Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК-де құрылған агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері кәсіподақ комитетінің аудандық филиалы кәсіпорын құрылған сәттен бастап кәсіпорын қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау, материалдық көмек көрсету, мерекелік іс-шаралар өткізу бойынша басшылықпен бірлесіп жемісті жұмыс жүргізуде.
Ағымдағы жылы аудандық филиал хатшысы Ж. Д. Қабдулинның төрағалығымен өткен кәсіпорынның кәсіптік одағы мүшелерінің отырысында кәсіпорынның екі қызметкеріне: 4 аймақтың ветеринариялық дәрігері Боранбай Есмагзамович Закирьяновқа және Көкалажар а/о ветеринариялық фельдшері Богенбай Сапарович Кабдуллинға осы жылдың тамыз айында Сосновый бордағы (Қостанай облысы) санаторийге жолдама беру туралы шешім қабылданды.
Қаралым саны: 61