Ящур — аса жұқпалы, жіті өтетін вирустық ауру. Ол ірі қара малды, ұсақ малды, шошқаны және тағы да басқа тұяқты жануарларды зақымдайды. Ауру дене қызуының көтерілуімен, ауыз қуысы, тіл, тұяқ және желін аймағында жаралардың (волдырлардың) пайда болуымен сипатталады.
Жұғу жолдары:
- Ауру малмен тікелей байланыс арқылы;
- Ластанған төсеніш, жем-шөп, су, құрал-жабдық, көлік арқылы;
- Ауа арқылы (әсіресе желді ауа райында ұзақ қашықтыққа таралады).
Ауру белгілері:
- Дене қызуының көтерілуі;
- Жем-шөптен бас тарту;
- Сілекей ағуы, ауызда жаралар пайда болуы;
- Хромота, тұяқ қабынуы;
- Өнімділіктің төмендеуі.
Алдын алу шаралары:
- Уақтылы егу (вакцинация) жүргізу;
- Карантин талаптарын сақтау (мал кіргізу/шығаруда);
- Қора — жайды, құрал — саймандарды, көлікті жүйелі түрде дезинфекциялау;
- Ауру малды оқшаулау, ветеринариялық қызметке жедел хабарлау;
- Зоогигиеналық және санитарлық талаптарды сақтау.
Ескерту: ящур – зооноздық ауру, адамға да жұғуы мүмкін. Ауруға күдік туған жағдайда дереу ветеринарлық қызметке хабарласыңыз!
Малыңызды қорғайық – індетке жол бермейік!
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ветеринариялық станциясы»


20.11.2025
Қаралым саны: 104
Қаралым саны: 104