Ветеринарлық қызмет – жануарлар денсаулығы мен эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Осы саладағы кез келген жемқорлық әрекеттер – анықтамалар беру үшін пара алу, жалған құжат жасау, негізсіз тексерулер тағайындау – адам мен жануарлар денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.
Біз, ветеринарлық қызмет өкілдері, адалдық пен әділдікті қолдаймыз. Баршаңызды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға және құқық бұзушылық жағдайлары туралы хабарлауға шақырамыз.
Адалдық – құрметті де сенімді ветеринарлық қызметтің кепілі!
Құрметті Ғабит Мүсірепов ауданының тұрғындары, егер сіз Ғабит Мүсірепов ауданының ветеринариялық станциясының қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз, сізден тез арада +7 (7152) 36-01-62 — Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы немесе Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі call Center 1424 телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.

Қаралым саны: 67