Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?
Бұл – қызмет бабын жеке басының пайдасы үшін пайдалану, пара алу немесе беру, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану.
Ветеринария саласындағы жемқорлық көріністері:
- Ветеринариялық анықтама, сертификаттарды заңсыз беру;
- Қызмет көрсету кезінде пара алу;
- Мемлекеттік сатып алуларда заң бұзушылықтар;
- Жануарларды тіркеу мен есепке алу кезінде жалған деректер енгізу.
Салдары:
- Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне нұқсан келеді;
- Жануарлар ауруларының таралу қаупі артады;
- Мемлекетке және халық сеніміне зиян келеді.
Не істеу керек?
- Сыбайлас жемқорлық фактілерін жасырмай, 1424 нөміріне немесе Антикор порталына хабарлаңыз;
- Заңсыз әрекетке жол бермеңіз;
- Әділдік пен адалдықты ұстаныңыз!
Ұраны:
«Адалдық – адамдықтың айнасы!»
«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»

04.11.2025
Қаралым саны: 93
Қаралым саны: 93