Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ-нің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК
ветеринария саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жадынама әзірледі.
Аталған құжат ветеринариялық қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға бағытталған.
Жадынамада:
- сыбайлас жемқорлық ұғымына түсіндірме;
- ветеринариялық қызмет барысында туындауы мүмкін құқық бұзушылық тәуекелдері;
- қызметтің негізгі қағидаттары (заңдылық, ашықтық, объективтілік, теңдік, мүдделер қақтығысына жол бермеу);
- құқық бұзушылық үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары көрсетілген.
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы ұсыныстар болған жағдайда қызметкер одан бас тартуға, фактіні тіркеуге және басшылыққа немесе уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
Аталған шаралар ветеринариялық қызметтің ашықтығын қамтамасыз етуге, халық сенімін нығайтуға және өңірдің эпизоотиялық саулығын сақтауға бағытталған.

Қаралым саны: 38