ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМҒА ҚАУІП!

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?

Бұл – қызмет бабын жеке басының пайдасы үшін пайдалану, пара алу немесе беру, қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану.

Ветеринария саласындағы жемқорлық көріністері:

  • Ветеринариялық анықтама, сертификаттарды заңсыз беру;
  • Қызмет көрсету кезінде пара алу;
  • Мемлекеттік сатып алуларда заң бұзушылықтар;
  • Жануарларды тіркеу мен есепке алу кезінде жалған деректер енгізу.

 Салдары:

  • Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігіне нұқсан келеді;
  • Жануарлар ауруларының таралу қаупі артады;
  • Мемлекетке және халық сеніміне зиян келеді.

Не істеу керек?

  • Сыбайлас жемқорлық фактілерін жасырмай, 1424 нөміріне немесе Антикор порталына хабарлаңыз;
  • Заңсыз әрекетке жол бермеңіз;
  • Әділдік пен адалдықты ұстаныңыз!

Ұраны:

 «Адалдық – адамдықтың айнасы!»

«Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!»

04.11.2025
Қаралым саны: 92