Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау

2026 жылғы 17 қарашада бас ветеринариялық дәрігер Маженова Аида Жанботаевна Дружба және Ломоносов ауылдық округтерінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізді.

Бақылау іс-шаралары барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде белгіленген талаптардың сақталуына тексеру жүргізілді. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты мамандармен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары мен стандарттарын қатаң сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметтердің уақтылы, сапалы әрі қолжетімді көрсетілуіне, қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

 

17.11.2026
Қаралым саны: 0