Бруцеллез — жануарлармен адамдардың созылмалы ауруы.
Бруцеллезбен ауыратын адамдар үшін инфекцияның негізгі көзі қой, ешкі, іріқара, түйе, шошқа, марал және басқа да Жануарлар түрлері болып табылады.
Берілудің жетекші факторларына бруцелла жұқтырған жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, күтім заттары, жем — шөп, төсек — орын, су,топырақ, адамдардың киімдері жатады. Шаруашылық тағы ауру басқа шаруашылықтардан жануарларды табынға енгізгеннен кейін, малды карантиндеудің негізгі ережелерін сақтамаған кезде, сау және ауру жануарларды бірлесіп жаю кезінде, жұқтырған су көздерін, мал айдау жолдарын мал суару үшін пайдаланған кезде пайда болуы мүмкін. Бруцеллездің жаңа эпизоотиялық ошақтарында бірнеше ай ішінде 60% - ға дейін және одан да көп сезімтал мал жұқтырылуы мүмкін. Аурудың таралуын болдырмау мақсатында жылына екі реет бруцеллезге диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. Ауылшаруашылығы жануарларын күтіп — бағумен және өсіру мен айналысатын адамдар бруцеллезге оң жауап беретін жануарларды анықтаған кезде мыналарды білуі қажет.
Бруцеллез бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібіне сәйкес иелері ауру жануарларды басқа жануарлардан оқшаулауға және күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімде еткомбинаттарына немесе сою пункттеріне санитариялық союға тапсыруға міндетті. Жануарды санитариялық союға жібергеннен кейін, ауру жануар орналасқан үй-жайда ветеринариялық қызметкерлері үй — жайды одан әрі дезинфекциялау үшін механикалық тазалауды (көңді,жемді алыптастау) жүргізу қажет. Бруцеллезді малды санитариялық союға тапсырған кезде зертхананың ветеринариялық дәрігері тікелей сою объектісінде ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізеді,онда етұшасын ветеринариялық-санитариялық бағалау айқындалады. Бруцеллезбен ауыратын жануарлардың(қоймен ешкінің ұшасынан басқа) ветеринариялық-санитариялық бағалау қағидаларына сәйкес, ұшалармен органдарда патологиялық өзгерістер болмаған кезде, ет 12 сағат піскеннен кейін шектеусіз шығарылады. Мұндай қорытындыны алған кезде жануарлардың иелері берілген ветеринариялық-санитариялық сараптама актісінің негізінде Ішкі сауда объектілерінде (дүкендерде,базарларда)нарықтық баға бойынша бруцеллезге оңжауап беретін жануарлардан алынған ет ұшасын одан әрі өткізуді жүзеге асыра алады немесе сою объектісінде етұшаларындан арықтық баға бойынша өз қалауы бойынша қалдыра алады.
Сондықтан ірі қарамалдың, шошқаның, түйенің және жылқының бруцеллезі кезінде оларды шектеусіз пайдалану туралы сараптама актісін алған иелеріне жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдермен шикізаттың құнын өтеу төленбейді. Яғни, жануарлардың бруцеллезі кезінде міндетті түрде залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) және қайта өңдеуге жіберілетін ұшалар мен органдарда патологиялық өзгерістер болған кезде ғана құнын өтеу төленеді.Өтеу жергілікті бюджет есебінен жануарлардан алынатын өнімнің бір килограммы үшін орташа айлық нарықтық құнының 30% мөлшерінде жүргізіледі, алқалған орташа айлық нарықтық құнын (70%) жануарлардан алынатын өнімдермен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым төлейді. Бруцеллезге оң әсерететін жануарларды алып қоймай, міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде құнын өтеу кезінде қажетті құжаттардың тізбесі.
- Сараптама актісі (сынақ хаттамасы);
- Залалсыздандыру (зарарсыздандыру)туралы нұсқама;
- Жануарларды,өнімдерді өңдеуге тапсыру туралы акт;
- Орташа айлық нарықтық құнды белгілеу туралы акт;
- Ветеринариялық паспорт;
- Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді. Бруцеллез ауруының алдын алу үшін барлық меншік нысандарының иелері міндетті эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу үшін жануарларды ветеринариялық қызмет мамандарына ұсынуы, жануарларды Петропавл қаласымен аудандарының ветеринариялық станцияларында тіркеуді жүргізуі қажет. Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары! Бруцеллез-адаммен жануарға ортақ қауіпті ауру. Бруцеллездің қауіпсіздігімен алдын-алушараларын сақтаңыз.
Қаралым саны: 30