Үйжануарларын ұстау және серуендету ережелері

Қазақстанда 2022 жылғы 2 наурыздан бастап "жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заң күшіне енді. Оның негізгі мақсаты–жалпы қабылданған этикалық құндылықтар шеңберінде жануарларға деген көзқарасты құқықтық реттеу.

Жаңа заң аясында азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеу идеологиясына басымдық беріледі. Сонымен, бұл заң жануарларды тіршілік иелері ретінде қарастыруға, иелерінің жануарлардың өмірі, денсаулығы мен әл — ауқаты үшін жеке жауапкершілігін арттыруға, оларды қатыгездіктен қорғауға, халықтың адамгершілік көзқарастарын тәрбиелеуге негіз болады.

Айта кету керек, заң жануарларға қатысты, соның ішінде қаңғыбас иттерді өлтіруді ұйымдастыру, анестезиясыз ветеринарлық операцияларды жүргізу, жануарларды жазықсыз өлтіру, жануарлардың деградациясы, уақтылы көмек көрсетпеу, қатыгездік пен аулау сияқты жағымсыз көріністерді тежейді.

Үй жануарларын аулау, уақытша ұстау, жануарларды зарарсыздандыру, зарарсыздандыру аудандық ветеринариялық станцияның бекітілген кестесіне сәйкес және адам өміріне шабуыл жасалған немесе қауіптөнген жағдайда жыл бойы жүргізіледі.

2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап елдегі үй жануарларының міндетті есебіне енгізіледі. Қаңғыбас иттер мен мысықтар өздігінен пайда болмайды. Олар кейбір жауапсыз азаматтардың марғаулар мен күшіктерді далаға лақтырып тастауына байланысты елді мекендердің көшелерінде кездеседі. Осыған байланысты үй жануарларын міндетті есепке алудың нормативтік-құқықтық актілері әзірленді. Қаңғыбас иттерге кепе жұмыстарын жүргізу және оларды зара арсыздандыру да қарастырылған. Қаңғыбас үйжануарларының санын азайту үшін оларды өлтіруге тыйым салынады. Қаңғыбас ит ұсталады, тексеріледі, егер ит сау болса, екпе егіледі және зарарсыздандырылады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында үйжануарларының иесі мен жауапты адам облыстың жергілікті өкілді органдары белгілеген тәртіппен үйжануарларын серуендету ережелерін сақтауы қажет.

Жануарларға қатыгездік жасалған жағдайда, құқық бұзушы ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Сонымен қатар, құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тарту жағы да бар. Ол бес АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді, қайталап бұзылған жағдайда — айыппұл мөлшері 20 АЕК-кедейін өседі.

Біз сондай-ақ Ғ. Мүсірепов атындағы ауданының тұрғындарынан үй жануарларына жауапкершілік пен қарауды сұраймыз. Бірақ қаңғыбас иттер мен мысықтар да жауапкершілікті талапетеді. Егер сіз оларға қамқорлық жасағыңыз келсе, көпқабатты үйлердің аулаларында жануарларды тамақтандырмаңыз.

01.07.2025
Қаралым саны: 8