Халыққа жадынама

Құрметті ауыл шаруашылығы жануарларының иелері!

Жануарларды тіркеу, есепке алу және ветеринариялық қызмет көрсету жұмыстарын жеңілдету мақсатында «Tort Tulik» атты жануар иелеріне арналған мобильді қосымша іске қосылды.

Қосымша арқылы төмендегі мүмкіндіктер қолжетімді:

1. Жеке мал басын көру үшін жануарлар реестрі;

2. Жануарларды тіркеу (төл алу, импорт);

3. Жануарларды онлайн сату/сатып алу;

4. Жеке тұтынуға сою кезінде есептен шығару;

5. Бирканы жоғалту немесе зақымдалған жағдайда ауыстыру;

6. Ветеринариялық паспорт алу;

7. Жануар және оның иесі туралы мәліметтерді түзету.

«Tort Tulik» қосымшасы жануарларды түгендеуге, вакцинация және салалық жаңалықтар бойынша хабарламалар алуға мүмкіндік береді. Бұл ветеринариялық мамандарға алдын алу шараларын уақтылы және толық көлемде жүргізуге жағдай жасайды.

Жануар иелерін «Tort Tulik» мобильді қосымшасын белсенді пайдалануға шақырамыз!

09.01.2026
Қаралым саны: 44