Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК 2026 жылғы 10 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында ветеринариялық станцияның қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Ішкі талдау барысында мынадай бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері зерделеніп, анықталады:
1. Кәсіпорынның қызметін реттейтін және оған қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2. Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ішкі талдаудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамына қатысуға шақырылады.
Жұмыс тобының құрамына қатысу және ішкі талдау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша 2026 жылғы 4 қыркүйекке дейін төмендегі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуға болады:
Тел.: 8 (715-35) 21-8-90

Қаралым саны: 0