2026 жылғы 9 қарашада Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ветеринариялық станциясында комплаенс-қызметінің маманы Бексеитова Б.К. қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағытында ақпараттық-түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі талаптары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және лауазымдық міндеттерді адал орындау мәселелері бойынша ақпарат берілді.
Сонымен қатар, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға, заңсыз сыйақы алуға және беруге жол бермеу, ветеринариялық қызметтер мен мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейжай қарамау, заң бұзушылықтарға жол бермеу және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын ұстану қажеттігі ескертілді.
Іс-шараның мақсаты – ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және адалдық қағидаттарын нығайту.
Қаралым саны: 4