«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мамандары ауыл тұрғындары арасында ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі бойынша тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Аталған жұмыстар шеңберінде тұрғындарға «Ветеринариялық паспорт беру», «Ветеринариялық анықтама беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібі мен негізгі талаптары туралы ақпараттық брошюралар мен жадынамалар таратылады, сондай-ақ ақпараттық материалдар WhatsApp мессенджері арқылы жолданады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-II «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу жөніндегі міндеттері түсіндіріледі.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабында көзделген Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық туралы ақпарат беріледі.
Аталған іс-шаралар халықтың ветеринариялық қызметтерді алу тәртібі туралы хабардар болу деңгейін арттыруға, ветеринариялық заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және жануарлар ауруларының алдын алуға бағытталған.
Қаралым саны: 5