Ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алудың дұрыстығын қамтамасыз ету және эпизоотиялық ахуалды тұрақты ұстау мақсатында ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру және түзету бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Аталған қызмет жануарларды сәйкестендірудің ақпараттық жүйесінде тіркелген мәліметтерді жаңарту, нақтылау және түзетуге бағытталған. Деректердің уақтылы әрі дұрыс енгізілуі жануарлардың қозғалысын бақылауға, ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды тиімді жүргізуге, сондай-ақ аса қауіпті аурулардың таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.
Қызмет нені қамтиды:
- жануар туралы мәліметтерді өзгерту (жасы, тұқымы, жынысы және т.б.);
- жануар иесі туралы деректерді түзету;
- жануарлардың орын ауыстыруы туралы мәліметтерді жаңарту;
- бұрын енгізілген қателерді түзету;
- жануардың мәртебесін өзектендіру (сату, өлім-жітім және т.б.).
- Бұл қызмет ауыл шаруашылығы жануарларының иелері болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі.
Қызметті алу үшін жануарлар орналасқан жердегі ветеринариялық ұйымға жүгіну немесе электрондық мемлекеттік қызметтер арқылы өтінім беру қажет. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат және жануарға меншік құқығын растайтын құжаттар болуы тиіс.
Қызмет көрсету мерзімі енгізілетін өзгерістердің көлеміне байланысты, әдетте 1–3 жұмыс күнін құрайды.
Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді уақтылы өзектендіру есептің ашықтығын қамтамасыз етеді, ветеринариялық бақылаудың тиімділігін арттырады және халықтың денсаулығын қорғауға ықпал етеді. Дұрыс ақпарат қауіпті аурулардың алдын алуға және жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Қаралым саны: 26