Дөнгелек үстел

2025 жылғы 28 қарашада СҚО әкімдігінің Ветеринария басқармасы» КММ-нің «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МКК-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ветеринариялық дәрігерлер, фельдшерлер және станция мамандары қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Ветеринариялық станция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған ішкі құжаттармен таныстыру;
2. Кәсіпорын қызметкерлерінің корпоративтік этикасы мен қызметтік мінез-құлық кодексін зерделеу;
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау.

Комплаенс-қызметінің маманы Бексеитова Балнур Қабділманапқызы кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі қағидаттары мен нормаларын түсіндіріп, қызметтік тәртіпті сақтау мен мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында ашықтықтың маңыздылығына тоқталды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар адалдық, заңдылық және ашықтық қағидаттарын кәсіби қызметте ұстануға дайын екендіктерін білдірді.

 

28.11.2025
Қаралым саны: 68