Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет — көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. ережелер мен стандарттар бойынша мемлекеттік қызметтердің екі түрін көрсетеді:
• Ветеринариялық анықтама беру
• Ветеринариялық паспорт беру
• Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету).
 
Мемлекеттік қызметтер ТЕГІН, кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, қатаң түрде ауыл шаруашылығы жануарлары иесінің өтініші бойынша көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) қағаз түрінде. Халықтың мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық станцияның ғимаратында ақпараттық стенд, брошюралар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және оларды көрсету тәртібі туралы өтініштердің үлгілері бар.
Мемлекеттік қызметті алу үшін азаматтар көрсетілетін қызметті берушіге – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүгіне алады.
09.09.2025
Қаралым саны: 4